Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше.Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы.

2025 жылдың 7 наурызында Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында «Ұстаз жүгі – ауыр жүк» екенін тілге тиек еткен мектеп басшысы Айтбаева Алтынай Сериковна зейнеттегі ұстаздарға мектептің ыстық ықыласын білдіру мақсатында, ұстаздарды  мерекелерімен құттықтауды жас мамандарға тапсырды.  Жастар үйлеріне барып, білім беру саласында аянбай еңбек еткендері үшін  сала ардагер­леріне дайындаған өз сый — сияпаттарын беріп, ұстаздардың батасын алып шықты.

Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған,оқушыларына тек білімді ғана емес,сонымен бірге тәрбиені де сіңіре білген мұғалім мамандығының мерейі қашан да биік. Білімі мен тәрбиесі қатар үндескен ел азаматтары бәсекелестікте де озық бола алады. Сондықтан мұғалім мамандары үлкен сыйға лайықты жандар. 

Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.  Алғашқы еңбек жолын ұстаздық сара жолдан бастаған,  ел ертеңі болып табылатын жас жеткіншектердің бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда зор үлес қосқан салмақты, сыпайы, тапқыр, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін,  қазақтың талай баласын білім нәрімен сусындатқан-білікті тәжірибелі ұстаздарымыз: Еримбетова Күлайша — орыс тілі пәні мұғалімі. Жакипова Сұлухан — тарих пәні мұғалімі, 2002-2016ж.ж. директор. Шукирова Мадина — тәрбие орынбасары. Анарметова Наргиза —  орыс тілі пәні мұғалімі. Рахымбердиева Назира — психолог. Дүйсембаева Нұрипа — бастауыш пәні мұғалімі,оқу орынбасары. Бекова Гүлжан — қазақ тілі пәні мұғалімі. Күзембаева Перизат — бастауыш пәні мұғалімі. Бөрішова Айнагүл — валеология пәні мұғалімі. Пернекулова Нағима — вахтершы. Асанова Салима — музыка пәні мұғалімі. Тенебаева Түймегүл — математика пәні мұғалімі. Базаркулова Базаркүл — география пәні мұғалімі. Акембаева Ұлбосын — ағылшын тілі пәні мұғалімі. Бекенбаева Кенжегүл — вахтершы. Ульярова Раушан — МАД тобының жетекшісі. Мыңбатырова Рая — бастауыш пәні мұғалімі. Бектұрсынова Шарипа — кітапханашы. Тілегенова Ғалия — қазақ тілі пәні мұғалімі, 1995-2000 ж.ж. директор. Сарсенбаева Злиха — бастауыш пәні мұғалімі.  

Құрметті ардагер ұстаздар! Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы  ғұмырларыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз  молынан болып, немере-шөберенің қызығына тоймай-ақ жаулықты Ана болу бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін деген тілегіміз бар.