№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Абай-қазақ руханиятының шамшырағы» атты апталық өтуде. Іс-шара жоспары бойынша қарашаның төрті күні 8-9-10 сыныптар арасында «Әлем таныған Абай » тақырыбында эссе байқауы болып өтті. Қатысушылар әдеби сөз арқылы Абайды әлемдік деңгейдегі ойшыл ретінде танытып, оның шығармашылығының негізгі құндылықтарын — білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және ұлттық сананы дәріптеді.
