«Шабыт»жобасы аясындағы «Мектеп театры»



⚜️Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды.Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарының тәрбие бағытындағы жұмыстарының мазмұнын толықтыру мақсатында «Мектеп театры» жобасы қолға алынған болатын. «Мектеп театры» жобасын енгізудегі мақсат – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау.
⚜️Аталған жоба аясында 14 қараша күні мектебімізде «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында 2-4 -сынып оқушылары арасында сахналық қойылым бойынша сайыс өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары «Мақтаншақ бай» , «Алдар көсе мен бай», «Жақсылық пен жамандық», «Қаңбақ шал» ертегісін сахналап, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың театрға деген қызығушылығы өте жоғары. Әрбір кейіпкердің рөлдерін сомдауға барын салып, кейіпкердің образын ашуға тырысты. Іс-шара соңында жас әртістеріміз арнайы алғыс хатпен марапатталды.