Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 14-қараша күні аудан әкімі бекіткен кестеге сай зорлық зомбылыққа қарсы кездесу жиыны болды.Тәрбие ісі бойынша орынбасарлар, психолог педагогтар және 9-11 сынып оқушыларының ата аналары қатыстырылды. Жиынға мектеп директоры А.Айтбаева ,ауданның ішкі саясат бөлімі, Ішкі істер басқармасының өкілі, аудандық аурухана және ауданның зорлық зомбылыққа қарсы орталығының басшысы қатысты .