Мектебім-мейірім мекені.
🎀Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жыл 1-қыркүйек күні «Мектебім-мейірім мекені»тақырыбында салатанатты жиын болып өтті. Жиынға Қабланбек ауылының әкімі Н.Тұрдалин,әжелер кеңесінің төрайымы М.Шукирова қатысты.Мектеп директоры А.Айтбаева мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушылары мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
🎀Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға сезіндіру.Шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру, «Адал азамат» етіп тәрбиелеу.