Мектеп бітіруші түлектеріміздің ата-аналарын "Мектебім,саған мың алғыс" атты іс-шараға шақыру

                                                                     Мектебім,саған мың алғыс!
  Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 23 мамыр күні «Мектебім,саған мың алғыс!»тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиынға ата-аналар мен зейнеткер ұсатздар қатысты. Айта кетсек, биылғы оқу жылында мектебімізде 43 оқушы мектепті бітіріп, олардың 38 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқалы отыр. Оның ішінде 5 оқушы «Алтын белгіге», 4 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткерлер бар.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді, — деп мектеп директоры А.Айтбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.

Мектеп бітіруші түлектеріміздің "Мектебім,саған мың алғыс" атты іс-шарасынан үзінді.