Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты № 55 О. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 15 мамыр «Біртұтас Тәрбие бағдарламасы» аясында, «15 мамыр-Халықаралық отбасы күні» меркесіне орай ата-аналармен меркелік жиын өтті.Мектеп директоры А.Айтбаева ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады.Мектеп намысын асқақтатып жүрген шәкітттерімізді мақатан етіп ,елге таныстыра отырып,ата-аналарына алғыс білдірді. Мерекеге орай ата-аналарға отбасылық дәстүр негізінде мерекелік шашу таратылды. Мектеп өміріне белсене араласып жүрген ата-аналарды мектеп әкімшілігінің алғыс хатымен марапаттады. Ата-аналарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ата-аналар үйлеріне мерекелік көңіл күйде қайтты.
«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»тақырыбындағы қорытынды ата -аналар жиналысы. 
1.«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» баяндама.
2.«Сенімді қарым-қатынас- бақытты балалық шақтың негізгі кепілі» тренинг
3. Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы
4. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы
5. 2025-2026 оқу жылына мектеп формасын ұйымдастыру туралы
6. Түлектердің мектеп бітіруі және соңғы қоңырау мәселелері туралы
7.Әртүрлі мәселелер.
Жиналыста мектеп директоры А.Айтбаева ата-аналарға «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»тақырыбында баяндама оқыды.Баяндама нәтижесінде ата-аналармен отбасындағы балаларға қатысты мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Сенімді қарым-қатынас- бақытты балалық шақтың негізгі кепілі» тақырыбында мектеп психологы Ж.Смаилова ата-аналармен тренинг жүргізді.Тренин өте жүйелі жаңа форматта жүзеге асты.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Су қауіпсіздігі,жол қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігі,қауіпсіз терезе,ескі ғимараттардан сақтану ,мопед айдауға тыйым салу ,түнгі мезгілде жүрмеу,табиғаттағы қауіпсіздік,психологиялық қысымдардан сақтану,ботулизм ,отбасылық зорлық-зомбылық сынды мәселелер талқыланды.