№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 17 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігінің іс-шара аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» тақырыбында бірыңғай шебер сыныптар өтілді.
⚜️Мақсаты:Оқушылардың шығармашлық қабілеттерін арттыра отырып, салт-дәстүрді, тілімізді,үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. Халқымыздың әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
⚜️Міндеттері: —
— оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
— жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
— ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
— жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық,азаматтық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
⚜️«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» тақырыбында шебер сыныптың критерийлері :
-Өткізілген іс-шаралардың маңыздылығы-10 б
-Танымдық құндылығы-10 б
Салт-дәстүрмен байланысы-10 б
Қоғаммен байланысы-10 б
Эстетикалық талапқа сәйкестігі-10 б #Біртұтас_тәрбие