1 Наурыз - «Алғыс айту күні»

  Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

  Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

  28.02.2025 жылы мектебімізде  «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында түзілген іс-шаралар жоспарына сәйкес осы мерекеге орай іс — шара өтті.

Мақсаты: Ұжымның ішіндегі бір- біріне деген құрметті көрсету арқылы,оқушыларға үлгі ретінде «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Іс — шараға мектеп басшысынан бастап,мектеп әкімшілігі,мұғалімдер мен кіші қызметкерлер бір — біріне алғыстарын айтып, құттықтау сөздерін жылы лебіздермен білдірді. Іс — шараны қыздыра түскен арнайы Мәдениет үйінен шақырылған  әншілердің музыкалық сүйемелдеуімен орындаған әндері,сонымен қатар мектебіміздің би үйірмесіндегі оқушы қыздарымыздың қазақ халқының ұлттық билері мектеп ұжымын мол ықыласқа бөледі. Мектеп ұжымы да «Алғыс айту күнін» көктемнің,Наурыздың келуімен байланыстырып Ұлттық киімдерін киіп, ажарларын аша түскендей.

«Алғыс айту күнін» үлкендер ғана емес, бастауыш сыныптан бастап, жоғарғы сынып оқушылары да атап өтті. Олар мектеп қызметкерлеріне еңбегі үшін алғыс айтып, құттықтап шықты. Оқушыларымыздың ұшқыр ойлары болашақта еліміздің игілігіне пайдасы тиер деген үміттеміз!

Іс — шараның соңы биге ұласып, әнмен қорытындыланды. Әр уақытта алғысымызды жаудырып, қазағымыздың көңілін көтеріп, әдемі шақтарда бас қосайық. Алғыс айту күні құтты болсын!