Көрісу күні
14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы. 55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Наурыз” мерекесіне орай өткізілетін “Наурызнама” онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көрісу күні» аталып өтілді. Қыстан аман, көңіл тоқ, төрт көз түгел наурыздың Амал күніне, тірліктің жан алып, ояну кезеңіне жеткендеріңіз құтты болсын! Шаңырағыңыздан мереке, табысыңыздан береке, өміріңізден мән, көңіліңізден ән кетпесін. Жылылықтың нұры өпкен бұл көктем, баршаңызға амандық сыйласын…#nauryznama2025
16 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ
⚜️Шаңырақ – татулықтың, бірліктің, берекенің белгісі!
Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған.
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
⚜️Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету,Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Наурызнама» жоспарына сәйкес 17- наурыз күні 55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Шаңырақ » күні аясында отбасы құндылығы насихатталды.

 12.02.2025 Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу Сабырлылық-асыл қасиет 12.02.2025 

14.02.2025 «Балалар кітапханасы «жобасы Абайдың толық адам ілімі 14.02.2025

1.03.2025 іс-шара Алғыс айту 1.03.2025