10.02.2025жылы №55 О. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың жоспары  ⇒миф жоспар

Көңілді үзіліс

11.02.2024 жылы 6″А» сыныбы математика пәнінен ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Мусатаева Улша

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік.  Бір  айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу жолдарын біледі
  2. Алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді шешеді
  3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына байланысты есептер шығарады             Құндылықтары:Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. Толығыраққмж

12 ақпан күні 6″А» мен 6″Ә» сыныптар арасында математика пәні мұғалімі Ұлпан Мирзахмедова «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық сайыс өткізді.

Мақсаты: Ойын арқылы білім алушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру, бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру.

13.02.2025 жылы Физика пәні мұғалімі Тойлыбаева Райхан  7 сыныптарға «Ұшқыр ой физикасы» атты интеллектуалды сайыс сабақ өткізді. Толығырақ презентациядан көре аласыздар Ұшқыр ой физикасы» атты интеллектуалды сайыс

Сайыстың шарттары:

1.«ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту, төс белгі);

2.«ОЙҒА ШАБУЫЛ» (викториналық сұрақтар);

3.«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық сұрақтар);

4.«КІМ ТАПҚЫР!» Сергіту ойын алаңы

5.«Кім ұшқыр ойлы » (жұмбақтың шешімін табу);

6.Мақал мәтелдердің физикалық мағынасын ашу

7.«БҰЛ ФОКУС ЕМЕС, БҰЛ ФИЗИКА!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

8 .Үй тапсырмасы (физикалық тәжірибие немесе фокус көрсету)

14 ақпан күні «Топжарған» атты интелектуалдық ойыны апталықта ерекше көзге түсті.

Мақсаты: Білімділігі: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Қатысушылар:5а,ә сынып оқушыларынан құралған топтар.

Қазылар алқасымен таныстыру.

Жоспары:

1.Мақал-мәтелді табамыз

2.«Бәйге»

  1. Есепке кім жүйрік?
  2. «Сиқырлы үшбұрыш»

5.Тез ойланып, шешуін тап!(логикалық есептер)

6.Кім білгір?

7.Қорытынды

Толығырақ ⇒⇒ топжарган

18-19 ақпан күндері апталықты қыздыра түскен «Кальмар»атты ойыны 7-8 және 9-10 сынып балаларын ерекше сезімге бөледі. Сабақ Мұсатаева мен Қасымбекованың жетекшілігінде өтті. 

7-8 сыныптармен 

        

9-10 сыныптар арасында

           

20.02.2025ж Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты «№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» Математика, Информатика, Физика апталығында информатика пәнінің мұғалімі А.Фазилова мен Б.Ташенованың ұйымдастыруымен 7- сынып оқушылары арасында «Ақпаратың патшалығы-Информатика» тақырыбында зияткерлік сайыс сабақ өтілді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

21.02.2025 Апталықтың қорытынды күнінде «Апталықтың жабылуына» арнап бейнеролик дайындалды. Тамашалаңыздар.