06.02.2025 жылы мектепшілік «Мұқағали оқулары» атты іс — шарасы өтті.    

  Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931Алматы облысыРайымбек ауданы Қарасаз — 27 наурыз 1976Алматы)  шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. 

   Ақыннын туған күні қарсаңында мектебімізде оқушылар арасында «Мұқағали оқулары»  атты байқауы өтті.

   Мұқағали Мақатаев оқуларының мақсаты: оқушылары арасында Мұқағали шығармаларын кеңінен насихаттау,  оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Байқауға

Момынқожа Ерасыл   7″ә» сынып

Азбердиев Алихан      7 «ә» сынып

Қарсыбай Айжан     3 «а» сынып

Серік Шұғыла         2 «а» сынып

Құдайберген Адиля     2 «ә» сынып

Әбдімомын Хадиша       3 «ә» сынып

Тукен Бекболат          3 «ә» сынып  

Марат Айару            4 «ә» сынып

оқушыларымыз қатысты. 

       Байқау шарттары:
   —  Жарысқа 2-4 сынып оқушылар қатыса алады;
   —  Оқушылар бірыңғай мектеп формасымен келеді;
   —  Қалта телефондары сөндіріліп, қағазға қарамай оқу керек;
   —  2,3-сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтады; (Мұқағалидың бір өлеңін мәнерлеп, көркемдеп оқиды, жүріс-тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілік дәрежеде болуы тиіс)
   —  4-сынып оқушылары ақын поэмаларынан үзіндіні жатқа оқудан өзара сынға түседі. (3 беттен кем емес)

        Байқауда жеңіп шыққан оқушыларымыз ауданға жолдама алып, өз өнерлерін аудандық деңгейде сынайтын болады.  Алдағы болатын сайыста оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Сіздерге болашақта да,жаңа жеңістер  мен шығармашылық табыстар тілейміз!Әрдайым алға ұмтылып,биік мақсаттарға жетіңіздер!