№55 «О. Жәутіков» атындағы жалпы білім беретін мектептің арулары 🌷Құрметті әріптестер, аяулы арулар! 🌷Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл көктемнің шуақты мерекесі сіздерге зор қуаныш, мол бақыт пен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын. 🌷Сіздер – ұжымның көркі, жұмыстың берекесі, әрдайым мейірім мен жылулықтың үлгісісіздер. Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз арта берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жүректеріңізге шаттық тілейміз. 🌷Көктемдей құлпырып, әр күндеріңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын! 🌸 Мерекелеріңізбен, қадірлі арулар! 🌸 10 -сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.