«№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.08.2025ж. күні № 1 педагогикалық кеңесі болып өтті.
Мақсаты: Мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету,2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Қатысушылар: Түркістан облысы бойынша білім беруді дамыту орталығының әдіскері Мақсат Үсенбеков және мектептің педагогикалық кеңесінің мүшелері,яғни барлық педагогтар,мектеп әкімшілігі, хатшы
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылында мектеп жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы,баяндама жасаушы кеңес торағасы Айтбаева Алтынай.
2. 2025-2026 оқу жылының жылдық жұмыс жоспарларын бекіту туралы.
Мектеп директорының оқу жұмыс орынбасары С.Кенжеева.
Мектеп директорының тәрбие жұмыс орынбасары Р. Ештаева.
Мектеп директорының бейінді істер бойынша орынбасары А Алдияров.
3. Мектептің ұйымдастырушылық шаруашылық қызметі туралы.
-оқу бағдарламаларының мазмұнын сапалы іске асыру;
-оқу жетістіктерін бағалау және академиялық адалдықты ұстану;
-мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық;
-Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
-Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау;
-педагогтар мен мектеп басшыларының үздіксіз дамуы;
-Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру;
-Педагогтердің ғылыми мақала жазуына, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне әдістемелік қолдау көрсету;
1. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы мектептің жылдық жоспары бекітілді.
2. Мектептің оқу жүктемесі ,сабақ кестесі,мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары,мектепшілік бақылау жоспары , әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары, педогогтердің біліктілігін арттыру жолдары және бекітілді.
3. Мектеп әкімшілігінің қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірленді .
4. Директордың әкімшілігі шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздік жай күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда , қауіпсіз білім беру ортасын қастамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды .
5. Медицина қызметкері азық-түлік сапасын бақылау және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық- гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету жүктелді.
6. Мектеп қызметкерлері үшін ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілді.