«Шабыт»жобасы аясында «Қуыршақ театры»
🎀Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 14-қараша күні бастауыш сыныптар аралығында «Шабыт»жобасы аясында Қуыршақ театры жанрында қойылымдар қойылды. Талантты балалардың басын біріктіретін Қуыршақ театрының балаларға берері көп. Жобаның мүшелері де сахнада өздерін еркін ұсатуға, кейіпкер бейнесін ашуға, шығарманың мазмұнын толық түсініп, сахналап шығуға машықтанып келеді.
🎀«Шабыт» жобасы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа таланттардың жолын ашары сөзсіз.
🎀Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңірумен бірге елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау, жаңа таланттардың жолын ашу.