10.02.2025жылы №55 О. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың жоспары ⇒миф жоспар
Көңілді үзіліс
11.02.2024 жылы 6″А» сыныбы математика пәнінен ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Мусатаева Улша
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу жолдарын біледі
- Алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді шешеді
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына байланысты есептер шығарады Құндылықтары:Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. Толығырақ → қмж
12 ақпан күні 6″А» мен 6″Ә» сыныптар арасында математика пәні мұғалімі Ұлпан Мирзахмедова «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық сайыс өткізді.
Мақсаты: Ойын арқылы білім алушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру, бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру.
13.02.2025 жылы Физика пәні мұғалімі Тойлыбаева Райхан 7 сыныптарға «Ұшқыр ой физикасы» атты интеллектуалды сайыс сабақ өткізді. Толығырақ презентациядан көре аласыздар Ұшқыр ой физикасы» атты интеллектуалды сайыс
Сайыстың шарттары:
1.«ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту, төс белгі);
2.«ОЙҒА ШАБУЫЛ» (викториналық сұрақтар);
3.«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық сұрақтар);
4.«КІМ ТАПҚЫР!» Сергіту ойын алаңы
5.«Кім ұшқыр ойлы » (жұмбақтың шешімін табу);
6.Мақал мәтелдердің физикалық мағынасын ашу
7.«БҰЛ ФОКУС ЕМЕС, БҰЛ ФИЗИКА!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
8 .Үй тапсырмасы (физикалық тәжірибие немесе фокус көрсету)
14 ақпан күні «Топжарған» атты интелектуалдық ойыны апталықта ерекше көзге түсті.
Мақсаты: Білімділігі: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Қатысушылар:5а,ә сынып оқушыларынан құралған топтар.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Жоспары:
1.Мақал-мәтелді табамыз
2.«Бәйге»
- Есепке кім жүйрік?
- «Сиқырлы үшбұрыш»
5.Тез ойланып, шешуін тап!(логикалық есептер)
6.Кім білгір?
7.Қорытынды
Толығырақ ⇒⇒ топжарган
18-19 ақпан күндері апталықты қыздыра түскен «Кальмар»атты ойыны 7-8 және 9-10 сынып балаларын ерекше сезімге бөледі. Сабақ Мұсатаева мен Қасымбекованың жетекшілігінде өтті.
7-8 сыныптармен

9-10 сыныптар арасында

20.02.2025ж Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты «№55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» Математика, Информатика, Физика апталығында информатика пәнінің мұғалімі А.Фазилова мен Б.Ташенованың ұйымдастыруымен 7- сынып оқушылары арасында «Ақпаратың патшалығы-Информатика» тақырыбында зияткерлік сайыс сабақ өтілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
21.02.2025 Апталықтың қорытынды күнінде «Апталықтың жабылуына» арнап бейнеролик дайындалды. Тамашалаңыздар.