2025 жылдың 22 қазан күні 55 О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2–5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Бұл – оқушылардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, жауапкершілік пен белсенділік қасиеттерін дарытатын патриоттық іс-шара.

🇰🇿Салтанатты жиын барысында оқушылар сапқа тұрып, ұйымның әнұранын орындады, патриоттық әндер шырқалып, әсерлі билер биленді. Жаңа мүшелер ұйымның Антын зор сеніммен, мақтанышпен айтып, ел болашағының лайықты ұландары болуға ант берді. 🇰🇿Мектеп директоры А.Айтбаева «Биыл 25 қазан – Республика күні Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аясында атап өтіліп жатыр.2022 жылы Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен 25 қазан күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді. Бұл шешім мемлекетіміздің Тәуелсіздік жолындағы маңызды әрі батыл қадамы ретінде бағаланды.Сол кезден бері Республика күні қоғамдық санада әр адамның өз елінің болашағына деген жауапкершілігін айқындайтын, азаматтық бірегейлік пен ұлттық бірлікті айшықтайтын жалпыұлттық мереке ретінде қалыптасты»деген салалы ойын жеткізді.

🇰🇿Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған – мектептің аға тәлімгері Н.Маханова

🇰🇿Оқушылар үшін бұл күн – өмірлеріндегі жарқын әрі жауапты сәттердің бірі ретінде есте қалары сөзсіз.