2025 жылғы 16 қыркүйек күні Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының педагогтары № 55 О. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп** базасында “Академиялық адалдық” марафоны конкурсының аудандық кезеңі өтті. Бұл шара білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды:

1. Құқықтық сауаттылық тесті— ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына байланысты педагогтердің білімін тексеру;
2. Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы”** тақырыбында эссе — педагогтардың адалдық, әділдік, кәсіби этика ұстанымдарына арналған;
3. Педагогикалық адалдық — кәсіби абырой” тақырыбында таныстырылым — тәжірибелік, визуалды, аналитикалық шешімдер мен ұсыныстар көрсетуге арналған.

🎯 Бұл шара педагог қауымдастығында әділдік пен жауапкершілік қағидаларын қайта жаңғыртуға, адалдыққа мән беру мәдениетін насихаттауға ықпал етеді. Конкурс кезінде шығармашылық тың тәсілдер, идеялар мен әдістемелер ортаға салынды.

👏 Қатысқан барлық педагогтарға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің белсенділігіңіз бен жауапкершілігіңіз — білім саласындағы рухы биік ұстанымдардың кепілі.