🇰🇿05.05.2026 жылы №55 «О.Жәутіков» атындағы жалпы білім беретін мектебімізде оқушылар арасында «Айбын» атты патриоттық әндер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнерге деген қызығушылығын арттыру болды. ⚜️Байқауға мектептің әр сыныбынан өнерлі оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар елге, жерге деген сүйіспеншілікті паш ететін патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір қатысушының сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі ерекше бағаланды. ⚜️Әділқазылар алқасы қатысушылардың дауыс ерекшелігіне, сахнада өзін ұстауына және әнді жеткізу шеберлігіне назар аудара отырып, үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды А.Әбіш пен А. Сламова жетекшілік еткен даярлық тобының бүлдіршіндері иеленді. Оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. ⚜️Осындай игі шаралар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор ықпал етеді. «Айбын» патриоттық әндер байқауы – оқушылардың өнерге деген құлшынысын арттырып қана қоймай, олардың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін ұялатқан тағылымы мол іс-шара болды.